Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл - қызу жұмыс жүріп жатыр деген көзбояушылық". Джохар Утебеков жаңа инфекциялық аурухананың емін сынға алды

Коронавирус инфекциясын жұқтырған адвокат Джохар Утебеков Алматыдағы жаңа инфекциялық аурухананың ем-дом шараларын сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Джохар жұма күні кешке ауруханаға түскен. Айтуынша, ол дәрігерлерден диагностикалық процедураларды өткізуді талап етуге мәжбүр болған.

"Бүгін сенбі және дәрігерлер демалып жатыр! Менде тіпті пандемия болмаса да, демалыс жоқ екенін айттым. Өздерін қиналып жатқандай сыңай танытады, клиника науқасқа толып тұрғандай... Бірақ ВИЧ-ке арналған  ауыр дәрі алувияны бір ауыз сөзге келмей, менің жазбаша келісімімсіз, Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасын бұзып беріп отыр", - деп жазды Утебеков.

Адвокаттың сөзінше, ол медициналық қызметкерлерден термометр сұрап, сатурацияны өлшеуді (қанның оттегімен қанықтылығы) қолқалаған.

"Бұл дегеніміз қызу жұмыстың жүргізіп жатқанына көзбояушылық. Үйден емделгенміз әлдеқайда жақсы болар еді", - деді Утебеков.

Адвокатқа өкпенің компьютерлік томографиясын шағымданғаннан кейін жасаған. Оның нәтижесі бойынша екі жақты пневмония анықталған. Сонымен бірге, Утебековтың айтуынша, оның бойында пневмония белгілері жоқ: демікпе, жөтел жоқ.

Еске салайық, Утебековтар отбасында бірінші болып жұбайы Құндыз вирус жұқтырған. Өзін және жақындарын мұқият қадағалап, сақтанғанына, карантинді үйде өткізгеніне қарамастан, одан Covid-19: белгілері пайда болған: дене қызуы көтеріліп, иіс сезуі жоғалды. Құндыз коронавирус инфекциясын анықтайтын ақылы тесттен өтіп, ол оң нәтиже көрсеткен соң бүкіл отбасы жедел жәрдеммен ауруханаларына жеткізілді. Ерлі-зайыптылардың екі ұлы инфекцияны жеңіл қабылдап, сауығып кеткен, жақын арада олар анасымен бірге ауруханадан шығуы мүмкін.

 

 

Талқылау