Үсік жүріп, қатты жаңбыр жауады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан бойынша 2021 жылдың 7-9 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ел аумағында жаңбыр жауып, температура төмендейді деп күтілуде. Синоптиктер кейбір аймақта үсік жүретінін айтты.
“Республиканың көп бөлігінде фронтальді бөліктің әсерінен жаңбыр жауады: солтүстікте қатты жаңбыр болжануда. Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын шашынсыз. 8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5-10, күндіз 14-22 жылу, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 13-23 жылу, шығыста түнде 7-12, күндіз 20-25 жылуды көрсетеді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10-15, күндіз 22-27 жылыға дейін күтіледі”, – дейді синоптиктер.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"