Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жыл күткен: Тоқаевтың тапсырмасынан кейін сирек кездесетін ауруға шалдыққан қарағандылық жасөспірімге дәрі тағайындалды

Сирек кездесетін аурумен ауыратын 11 жастағы қарағандылық Аңсар Нұржановқа Қазақстаннан дәрі алуға арналған көптен күткен рецептін жазып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Баланың анасы Әсел Нұржанова Instagram парақшасында медициналық рецепті жариялады, онда ұлына "Аталурен" препаратын қолдану ұсынылғаны, дәрі жергілікті бюджет есебінен берілетіні жазылған.

"Алақай! Үйге қайтайық. Осы есімдерді есте сақтаңыздар. Алдымен олар үкімге қол қойды, балаға мүмкіндік бермеді, содан кейін өздері рецепт жазып, тағайындады. "Аталурен" қауіпсіз және ұлыма тағайындалды!

Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің ұлыма көрсеткен қамқорлығыңыз мен қолдауыңыз үшін рақмет", - деп жазды Нұржанова.

Бұл препаратпен емдеу курсы 6-12 айды құрайды. Дәрі қолдың бұлшықет функцияларын сақтап, оның жалпы белсенділігін жақсартады деп болжанады. Бұған дейін баланың анасы үш жылға жуық уақыт бойы дәрігерлерден еуропалық "Аталурен" препаратын рецепке жазып беруін сұрағанын айтқан.

Еске салайық, қарағандылық дәрігерлер Аңсарға он жасында "Дюшенннің прогрессивті бұлшықет дистрофиясы" диагнозын қойған. Ата-анасына баласына ешнәрсе көмектесе алмайтынын айтқан.

Балаға сирек кездесетін ауру диагнозы қойылғаннан бастап, отбасының өмірі айтарлықтай өзгерді. Бірақ Аңсардың анасы одан бас тартпайды және ұлының өмірі үшін күресті жалғастырып келеді. Жалғыз проблема - диагностика мен шетелде емделуге көп ақша кетеді, ал ондай қаржы отбасында жоқ.

Баланың анасы танымал кәсіпкерлерге жүгінді, тіпті футбол жұлдызы Криштиану Роналдуға хат жазды. Бұл оқиға әлеуметтік желіде тарады.

Кейін денсаулық сақтау министрлігі басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 жасар Аңсар Нұржановқа көмек көрсетуді тапсырғанын мәлімдеді.

Осыдан соң денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Әсел Нұржановамен байланысқа шығып, іс оңынан шешіле бастады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр