Соңғы жаңалықтар

"Үш жігіт аузыма дизель құйып үш күн бойы зорлады": 30 жастағы әйел зорлықтан қалай қашып құтылғанын айтты

Айгүл Жанназарова 2019 жылдың қыс мезгілінде зорлыққа ұшырағанын айтты. Өзбекстаннан нәпақа табу мақсатымен келген ол үш жігіттің құрсауына түсіп, алданып қалған. Енді кінәлі жігіттердің жазасыз қалғанына ашулы. 

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарамасында айтылды. 

Айгүл Жанназарова 2019 жылдың қаңтар айында Өзбекстаннан Қазақстанға келді. Қыс айларында даяшы болып жұмыс атқарған. Өзбекстанда жатқан ауру анасына ақша жинау мақсатында Шелек ауданына келіпті. Алайда үш жігіттің арбауына түстім дейді. 

"Анам қысымы көтеріліп ауырып қалды. Төсек тартып жатыр. Сондықтан ақша табу керек болды. Қазақстанға ақша табайын деп келдім. Кафеде істеп жүр едім карантинге байланысты жауып тастады. Бұл Шелек ауданында болған жағдай. Ол жерде Ғани деп өзін таныстырған жігіт маған жұмыс ұсынды. Өзінің аға-жеңгесі жұмыс істейтін жерге алып келмек болды. Айына 30 мың теңге төлейтіндерін айтты. Ол жерде мен тамақ жасауым керек болған. Бірақ барғанда жағдай мүлде басқаша болды. Аға-жеңгесі жоқ болып шықты. Өзі біреудің малын бағатын көрінеді. Үй емес, буткада тұрады екен. Бірден бас тарттым. Жұмыс істемейтінімді айтты. Сол кезде маған тиісе бастады. Шешіндіріп күштеп зорлады. Онымен бірге екі жігіт келді. Аттары Нұрлан, Ғани екен. Үшеуі жабылып зорлады", - деді Айгүл.

Айгүлдің айтуынша, айдалада көмек сұрар жан табылмаған. Үш жігіт білгенін істеп, мазақ етіпті. Тіпті аузына дизель құйып, үш күн зорлаған. 

"Мені тыржалаңаш шешіндіріп тастады. Аузыма дизель құйды, оны жұтпауға тырыстым. Кезекпен зорлады. Біреуі жуынып келуге жіберген уақытта қаша жөнелдім. Киімім де жоқ еді. Бір сағаттық жерде бастықтары тұрады екен. Соған барып жағдайды баяндадым. Сол үйде таңға дейін ұйықтап қалыппын. Ертесі бастығы мені қайтадан үш жігіт қорлаған жерге апарды. Әлгі мені алдаған еркек мені зорламағанын, ешқандай жігіттердің келмегінін айтып сендірді. Мені тағы сол жігіттің қасында қалдырды. Осыдан соң мен қашудың амалын ойластырдым. Ақыры 4 сағат жүріп, бір базға келдім. Ол жерде бір кісіден су сұрадым. Мені үш адамның зорлағанын айттым. Ол кісі мені үйіне жасырып қойды. Үш жігіт хабарласып, мені қашып жүр деп ескертіп қойған екен. Мені зорлағандарын айтпаған. Менің сөзіме сенген бейтаныс кісі менің барымды айтпады. Үшеуі 9 рет іздеп келді. Танысыма хабарласып, полиция шақырттым. Сол күні полиция келіп, үш жігітті де ұстап әкелді. Бірақ олар кінәсін мойындаған жоқ. Мені сараптамаға жіберді. Менің жуынбағаным жақсы болған екен. Сараптамада көмегі тиді", - деді жәбірленуші. 

Алайда істің дұрыс жүрмей, кінәлілердің жазасын алмағанына ашулы. Өз құжаттарын Шелек аудандық соттың маманы, капитан Баубек есімді азамат алып қойған. Ол 3 айдан бері істі созып келе жатыр дейді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр