Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш сағат бойы суық жүк көлігінде қинады": Құрылысшылар олигарх Өтемұратовтан қысым көріп жатқанын айтып, президентке шағымданды

3 жыл бұрын Өтемұратовтар отбасының вилласын салып берген құрылысшы Данияр Омаров қылмыстық іс бойынша әділетсіздікті тоқтатуды сұрап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді. Оның айтуынша, Әлидар Өтемұратовтың қарамағындағылар екі жылдан кейін мердігерлерге 1,5 миллиард теңгені ұрлады деп айып таққан. Артынша полицейлер екі құрылысшыны Данияр Омаровқа қарсы куәлік беру үшін жүк көлігінде қамап ұстап, қысым көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz / Мердігер Данияр Омаров және Болат Өтемұратов пен ұлы Әлидар Өтемұратов

Былтыр 18 қарашада әлеуметтік желіде Омаров Данияр пен Александр Бажежа әділетсіздік туралы айтып, үндеу жасады. Екеуі үш жыл бұрын басқа мердігерлермен бірге Алматыда Әлидар Өтемұратовтың отбасына вилла салған жауапкершілігі шектеулі серіктестікте 2021-2023 жылдар аралығында жұмыс істеген. Мердігерлер жұмысты болашақ вилла иесімен жеке келісімшартқа сай істеген.

Барлық жұмыс белгіленген мерзімінде орындалып, авторлық және техникалық қадағалаудан өткен соң қабылданған көрінеді. Алайда үйдің құрылысынан екі жыл өткен соң 1,5 миллиард теңге ұрлады деп айыпталған.

"Біз, Данияр Омаров пен Александр Бажежа, сондай-ақ тағы төрт әріптесіміз, олигархат пен құқық қорғау органдарының тығыз байланысынан зардап шектік. Әлидар Болатұлы Өтемұратовтың қарамағындағылардың арызы бойынша, бізге 1,5 миллиард теңге сомасында қылмыстық іс қозғалып жатыр деп есептейміз. Біріншіден, бұл сома объективті және кәсіби есептеулермен расталмаған. Сондықтан біз бұл айыпты ойдан шығарылған деп санаймыз. Екіншіден, бізде бұл соманың ешқандай бөлігі – не ақшалай, не басқа түрде болған емес. Мердігерлерге арналған барлық төлемдер тек Өтемұратов бекіткен мөлшерде төленіп отырды. Үшіншіден, іс негізделген сот-құрылыс сараптамасы, біздің ойымызша, жалған. Іс-материалдарында сараптама объектілер жойылғаннан кейін жүргізілгені туралы жазылған. Яғни, жоқ нысанды қалай зерттеуге болады?" – деді Данияр Омаров.

Данияр Омаровтың айтуынша, полиция құрылысшыларды қорқытып, Өтемұратовтың ықпалын меңзеген. Бұдан бөлек ол кей жоғары лауазымды құқық қорғау орган өкілдері істі Өтемұратовтың пайдасына шешу туралы бұйрық алды дегенді тілге тиек етті.

Алайда бұл видеоүндеуден кейін құрылысшы 21 қаңтарда тағы да көмек сұрап шығады. Оның айтуынша, жағдай осыдан соң шиеленісіп, әріптестерін мәжбүрлеп қинай бастаған. 

"Өкінішке қарай, әділетсіздік жалғасып жатыр. Алдыңғы видеоүндеуімнен кейін тергеу ісі тіпті субъективті сипат алып кетті. Тергеу мен прокуратураның әрекеттері азаматтық-құқықтық дауларды қасақана қылмыстық іске айналдыруға ұқсайды", – деп мәлімдеді Данияр Омаров өз үндеуінде.

Оның айтуынша, Алматы қаласының Медеу ауданы полиция басқармасы мен прокуратурасы екі мердігерді тұтқындап, қысым көрсеткен.

"Медеу ауданы полиция басқармасының тергеушісі Хакбердиев, Тимуров және аудандық прокуратура мердігерлерді қамауға алды. Ұсталғандарды үш сағат бойы суық жүк көлігінде (автозакта) қамап, қысым көрсеткен. Жалған куәлік берсе, босатамыз деп ұсыныс жасаған. Бұл туралы маған олардың жұбайлары хабарласып айтты, көмек сұрады," – деді Омаров.

Данияр құрылыс толық және заңды түрде орындалғанын дәлелдейтін фото және бейнематериалдар бар екенін атап өтті. Бірақ тергеу бұл дәлелдерді елемей отыр.

"8 жыл бойы Болат Жәмитұлы Өтемұратовтың әртүрлі құрылыс жобасында адал жұмыс істедім. Арыстағы жарылыс пен Мырзакенттегі су тасқынынан кейін үйлерді қайта салуға атсалыстым. Президенттің қолынан "Ерен еңбегі үшін" медалін алдым. Құрметті Болат Жәмитұлы, сізге де жүгінемін. Мен және әріптестерімнің өз сөзін айтуына мүмкіндік беріңіз," – деп өтінді Омаров.

Данияр Омаров әділетті Жаңа Қазақстанның құндылықтарына сенетінін және өз ақиқатын қорғауға дайын екенін мәлімдеп, Ішкі істер министрі мен Бас прокурорды объективті тергеу жүргізуге шақырды.

Бұл іске қатысты Алматы полиция департаментінен жауап ала алмадық. Сонымен қатар редакция Бас прокуратураға ресми сұраныс жіберді.

@net_bezzakoniyu Беззаконие в полиции #алматы продолжается. Задержали двоих подрядчиков. Их заставляют дать показания против Омарова Данияра, держа на холоде и запугивая тюремным заключением. Об этом рассказали жены задержанных. Других методов сфабриковать дело против Омарова у следствия нет, так как все документы, цифры и факты явно свидетельствуют о том, что он и его коллеги чисты! И готовы доказать это, но «правоохранительные» органы приняли исключительно сторону компании Алидара Утемуратова. Увадаемые Президент Касым-Жомарт Кемелевич, Генеральный прокурор и Министр внутренних дел, просим Вас содействовать объективному расследованию!🙏🏻🙏🏻🙏🏻 ⠀ Булат Жамитович, просим Вас выслушать нашу сторону, мы готовы предоставить всю информацию и все подробности. Дайте нам шанс быть услышанными!🙏🏻🙏🏻🙏🏻 #булатутемуратов @ULYSMEDIA @Orda.kz @Azattyq @RasAitam @Samal Ibrayeva @Buzyq @ZTB #казахстан🇰🇿 #утемуратов #справедливыйказахстан #полицияалматы #новыйказахстан #олигархиказахстана #олигархи #беззаконие #казахстан ♬ original sound - net_bezzakoniyu
Талқылау