Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш баланың анасы: "Мың бір түндегі" Шехризат қазір қайда?

“Мың бір түн” фильмінде Шехризат рөлімен көпке танылған Бергюзар Корель бүгінде үш баланың анасы. Актриса роль сомдаған фильмдерінің ішінде оны Түркияда және басқа елдерде танымал еткен бірнеше сериал бар. Бірнеше уақыт көрермен назарынан тыс қалған актрисаны көпшілік үнемі іздейді. Оның өткені мен қазіргі өміріне қызығушылық танытады. Көпшілікке танымал түрік актрисасы қазір қайда? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бергуюзар Корель 1982 жылы 2 қыркүйекте Стамбұлда актерлер отбасында дүниеге келген, бірақ балалық шағы Ұлыс қаласында өткен. Ата-анасы танымал актерлер. Анасы Хюльи Дарджанның тегі албан, ал әкесі Танжу Корельдің ұлты шеркес. Бала кезінен Бергюзар шығармашылық ортада өсті. Соның әсерінен өнерге жақын болды.

Бергюзардың тағы бір құмарлығы спорт. Ол мектеп жылдарында волейбол ойнағанды ұнататын. Бірақ мамандық таңдау уақыты келгенде, ол сөзсіз өнер жолын таңдап, Мимар Синан университетінің актерлік факультетіне оқуға түсті. Бірден дерлік қысқа метражды фильмдерде ойнай бастады және театрда эпизодтық рөлдерге ие болды.

Бергюзар Том Хэнкс пен Николь Кидманға актерлік сабақтар берген Сьюзан Бастоннан көп нәрсе үйренді.

"Мың бір түн" фильмінде актриса Шехризат Евлияоғлының рөлін сомдады. Сұңғақ бойлы, сымбатты қыз (бойы 180 см, салмағы шамамен 57 келі) көрерменді бірден баурап алды. Көрермендердің пікірінше, бұл рөл актрисаға өте жарасады, өйткені Корель жұмбақ әрі дана кейіпкерге сай келеді. 

Корельді Түркияның ең жұмбақ жұлдыздарының бірі деп атауға болады. Актриса өзінің жеке өмірін айта бермейді. Дегенмен жас кезінде әріптесі Тан Саргтюркпен кездескені белгілі. Олар жанжалдасып, екі жаққа кеткен. Бұл уақытта актер сүйіктісінен құны 10 мың доллар тұратын неке жүзігін қайтаруды талап етеді. Бергюзар бұрынғы жігітіне ажырасқанға дейін бірге алған барлық заттарды қайтарып бергенін айтты.

Бүгінде Корель қарым-қатынаста бақытты екенін айтады. Күйеуі – түрік актері, "1001 түн" сериалындағы серіктесі Халит Эргенч. Ол актрисадан 12 жас үлкен. Ерлі-зайыптылар 2006 жылы Халит әлі некеде болғанда танысқан. Актер жаңа махаббаты үшін бұрынғы әйелі бала күтіп жүргеніне қарамастан ажырасып, көп ұзамай Бергюзарға үйленді. Үйлену тойынан кейін актриса фамилиясын Корель-Эргенч деп өзгертті.

2010 жылы жұптың Әли есімді ұлы өмірге келді. 2020 жылдың наурыз айында актриса екінші ұлы Ханды дүниеге әкелді, ал 2021 жылдың күзінде қызы Лейла дүниеге келді. Актриса үшінші жүктілікті ауыр өткізді. Алайда қызы өмірге келген соң бақытты екенін айтып, қуанышын бөлісті. 

Бергюзар Корель үшінші баласының дүниеге келуі ұлдардың дүниеге келуінен де қиын болғанын мойындайды. 39 жастағы актриса өзін жұлдызды жары Халит Эргенчтің үнемі қолдайтынын айтып, босану кезінде түскен суреттерін жариялады.

Корельдің айтуынша, ол 11 сағат толғатқан. Бұл баланың кіндігі қысқа болуына және ұрықтың күрделі орналасуынаалдарынан болған. Соған қарамастан дәрігерлер анаға да, балаға да көмектесе алды. Ләйлә есімді қыз бала сау болып дүниеге келді. 


Ота жасатқан адамды қалай әдемі деп айтасыңдар?: Түрік әншісі актриса Фахрие Эвдженге қарсы шықты

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 25 Қараша, 2021 14:48
Талқылау