Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Медициналық қызметтің 1200 түрін ұсынамыз": Отандық кәсіпкер заманауи клиниканы қалай ашқанын айтып берді

Оралдағы Uniserv Medical Center көпсалалы клиникасы еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына айрықша үлес қосып келеді. Мұнда 200-ден астам емхана қызметкерлері медициналық қызметтің 1200 түрін ұсынады. Аталған аурухана қолжетімді бағамен жоғары сапалы қызметтерді ұсынумен ғана шектелмей, сонымен қатар пациенттер үшін жоғары қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді. Jusan Bank-тің қолдауымен әлемге әйгілі өндірушілердің соңғы медициналық жабдықтарына қолжеткізген аурухана өкілдері әрбір емделушіге барынша қамқорлық көрсетуді көздейді.

Унисерв медикал

Uniserv Medical Center көпсалалы клиникасы 2019 жылдың 3 қаңтарында ашылған. Емханада 9 медициналық бөлім мен 3 операция бөлмесі бар. 91 жоғары білікті дәрігерлер мен 120 медициналық мамандардан құралған ақ халаттылар командасы ел игілігі үшін еңбек етіп келеді. 

Компания басшысы Нұрғазы Сәтбаевтың айтуынша, 2002 жылдың 16 желтоқсанында жанар-жағармай жеткізу және коммерциялық қызметпен айналысатын "Uniserv" кәсіпорны ашылған. Алайда Қазақстанның барлық облыстары мен барлық саласы бойынша статистика жүргізген Сәтбаев осы кезде еліміздің денсаулық сақтау саласы соңғы орында тұрғанын түсінеді.

Унисерв медикал 2

"Сондықтан медициналық орталық салу туралы шешім қабылдадым. Қазіргі уақытта барлығының қолынан гаджеттер түспейді, бұл өз кезегінде көру қабілетіне кері әсер етеді. Сол себепті бірінші кезекте офтальмология (көз және оның анатомиясын зерттейтін медицина саласы) бөлімін ашуды жөн көрдім", – дейді компанияның негізін қалаушы.

Бұдан өзге атап айтар болсақ, емханада стоматологиялық, консультативтік-диагностикалық, сәулелік диагностика бөлімі, балалар бөлімі, клиникалық диагностикалық зертхана, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар мен операциялық бөлім бар. 

Клиника әлемге әйгілі өндірушілердің соңғы үлгідегі медициналық жабдықтарымен жабдықталған. Медициналық құрал-жабдықтардың жалпы саны 120 данадан асады. Ал 200-ден астам емхана қызметкерлері болса медициналық қызметтің 1200 түрін ұсынады.

2019 жылы сатып алып алған құрал-жабдықтармен шектеліп қалмаған Нұрғазы Сәтбайұлы көздің артқы торлы қабығына ота жасайтын аппарат алады. Қазір Орал қаласынан бөлек мұндай ота тек Алматы, Астана қалаларында квота бойынша ғана жасалады. 

Унисерв медикал 3

Келген азаматты әрқашан қабылдауға әзір тұратын дәрігерлер науқас адам емханаға келіп, толық медициналық қызмет алып әрі белгілі бір нәтижеге қол жеткізуі тиіс деген ұстанымды қолдайды. Клиникада науқастың емі бойынша жоспар құрылып, алда не болатынын түсіндіре отырып, бүкіл алгоритм құрастырылады. 

Тағы бір атап өтерлігі, жұқпалы қауіпсіздік емхананың жоғары технологиялық зарарсыздандыру желісі арқылы қамтамасыз етіледі. Ал артық қуат көздерінің болуы қызмет көрсетуді бір секундқа да кідіртпейді.

Әлемге әйгілі өндірушілердің соңғы медициналық жабдықтарымен жабдықталған клиника бүкіл Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына сапалы қызмет ұсынып келеді.

Ауруханада балалар бөлімі де бар. Дәрігерлер алдарына келген бүлдіршіндердің ауруы жайлы аз да болса ұмытуына сеп болу қағидасын ұстанады. 

Унисерв медикал 4

"Бұрын біз балаларымыз бен немерелерімізді дүкенге барамыз деп алдап әкелетін едік. Ал қазір олардың өздері: "Тіс дәрігеріне қашан барамыз?" - деп сұрайды. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш", - дейді емхана мүшелері.

Аурухананың ауыз толтырып айтарлық тағы бір жетістігі – мұнда ламинарлы ағынға ие операциялық бөлім ашылған. Яғни, бұл – қашан келсең де стирильді болып тұратын, екі операциялық блок орналасқан бөлім. Біреуінде Siemens ангиографиялық аппараты орнатылған, мұнда кардиологиялық және нейрохирургиялық оталар жасалады. Ал Carlsors бейне эндоскопиялық құрылғымен жабдықталған екінші блокта урологиялық, гинекологиялық және хирургиялық операциялар жүргізіледі. 

Унисерв медикал 5

Нұрғазы Сәтбаев бүгінгі күні Jusan Bank қажеттіліктерді мұқият зерделеп, әрбін азаматқа қол ұшын созуға дайын тұратын ең үздік банктердің бірі екенін атап өтті. 

Jusan Bank –мен серіктестіктің арқасында клиника әлемге әйгілі өндірушілердің соңғы үлгідегі медициналық жабдықтарын сатып алып, радиациялық диагностика, операциялық бөлімше, консультациялық-диагностикалық қызмет көрсету және зертханалық зерттеулер сияқты бағыттарды ашуға мүмкіндік алған.

"Осындай банктердің арқасында Қазақстандағы бизнесіміз одан әрі дами түседі деген сенімдемін", - дейді еліміздегі озық үлгідегі емхананың басшысы Нұрғазы Сәтбаев.

Талқылау