Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

IndiGo әуе компаниясы Қазақстанға ұшақ рейстерін ашатынын жариялады

Үндістанның танымал IndiGo әуе компаниясы Ресей мен Орта Азияның бірқатар елдеріне ұшақ рейстерін ашпақ. Бұған себеп - аталмыш мемлекеттерде Үндістанға барушылардың арасында бағыттың сұранысқа ие болуы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі India.com порталына сілтеме жасап.

Индиго

Үндістан әуе компанияларының арасында Қазақстан, Өзбекстан мемлекеттеріне баратын рейстер жоқтың қасы көрінеді. Ал карантин кезінде үндістандықтардың бұл елдерде қалып қоюының арқасында әуе компаниялар Орта Азияға көңіл аудара бастапты. Мысалы Делиден Ташкентке бағытталған үндістандық ұшақ мүлдем жоқ екен. Үндістан азаматтарына бұл үшін шетелдік Air Astana, Vistara, Turkish Airlines, Air France, Etihad және тағы басқа әуе ұйымдарының қызметін пайдалануға тура келеді. 

Соңғы бірнеше аптада IndiGo Ресей, Өзбекстан, Украина мен Қазақстанға бірнеше чартерлік рейс пен жүк тасымалын жүргізіпті. 

"Соңғы уақытта біз бұл елдерге рейс ашудың маңыздылығын түсіндік. Үндістан мен Орта Азия мемлекеттері арасында көпір салынбақ. Алдағы айларда біз осы бағыттарды қолға алмақпыз", - депті мекеменің стратегиялар жөніндегі директоры Санджай Кумар. 

Айта кетейік, бұған дейін Үндістаннан Қазақстанға, Қырғыстанға, Түркіменстан, Тәжікстан мен Өзбекстанға, Ресейге бағытталған ұшақ мүлдем болмаған.

IndiGo - 2006 жылы құрылған үндістандық лоукостер. Қазір әуе ұйымына 276 ұшақ тиесілі. Үндістанның ішінде мекеме ұшақтары 63 бағыт бойынша рейс орындайды. Бұған қоса IndiGo ұшақтары Еуропа (Австрия, Чехия, Мальта, Греция, Нидерланды, Венгрия, Дания, Франция) және Азия (Таиланд, Малайзия, БАӘ, Қытай, Вьетнам, Гонконг, Сингапур) елдеріне шығады. 


Қазақстанда коронавирусқа байланысты қандай жаңа рейстер ашылмады

Талқылау