Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа байланысты қандай жаңа рейстер ашылмады

Азаматтық авиация комитетінде жаңа әуе рейстерін ашу бойынша шет мемлекеттермен келіссөздер қандай деңгейде жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Ресейден SSJ100 ұшағын сатып алу үшін шарт қойдыКоронавирус пандемиясы басталғанға дейін 2020-21 жылдары бірнеше жаңа әуе рейстерін іске қосу жоспарлары болды: Варшава-Алматы бағыты бойынша LOT Polish Airlines поляк әуекомпаниясы 2021 жылғы жазғы кезеңнен бастап, малайзиялық Air Asia X әуекомпаниясы 2020 жылғы көктемгі-жазғы кезеңнен бастап, Беларусьтің "Белавиа" әуекомпаниясы  Минск-Ақтау бағыты бойынша 2020 жылғы көктемгі-жазғы кезеңнен бастап, Кувейттің Jazeera Airways әуекомпаниясы 2020 жылғы көктемгі-жазғы кезеңнен бастап, Salam Air әуекомпаниясы Оман елінен Маскат-Нұр-Сұлтан және Маскат-Алматы бағыты бойынша 2020 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінен бастап және Түркияның Turkish Airlines әуекомпаниясы Стамбул-Түркістан бағыты бойынша (Түркістандағы әуежай құрылысы аяқталғаннан кейін).

Алайда, COVID-19 өзінің түзетулерін енгізді.

"Коронавирустың таралуы бойынша қазіргі жағдайға байланысты бұл рейстердің ашылуы кейінгі мерзімге ауыстырылды. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының бағалауы бойынша, тасымалдау көлемін 2019 жылдағы деңгей шамасында толық қалпына келтіру 2023 жылға дейін мүмкін болмайды. Халықаралық рейстерді қалпына келтіру және ашу жұмыстары COVID-19 вирусының пандемиясы бойынша жағдай жақсарғаннан кейін жалғасады", - деп түсіндірді ААК-нің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство жоғарыда аталған мемлекеттермен шарттық-құқықтық базаға қол жеткізілгенін, алайда әуекомпаниялар осы авиамаршруттарды қосу немесе қоспау туралы өздері шешуге құқылы екенін атап өтті. Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған әуе рейстерін ашу мүмкіндігіне қарамастан, азаматтық авиация нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты шетелдік және отандық әуекомпаниялар кестеге жаңа маршруттарды қосуға асықпайды.

Талқылау