Үндістанның соққысынан Пәкістанда 26 адам қаза тапты

Фото: АFP
Пәуістан билігінің мәліметінше, Үндістанның соққысы нәтижесінде 26 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пәкістан билігінің мәліметінше, 7 мамыр күні таңертеңгі жағдай бойынша үндістандықтардың ел аумағына жасаған соққылары салдарынан 26 тұрғын қаза тауып, 46-сы жараланған.
Соққылар алты азаматтық нысанаға тиген, олардың ешқайсы әскери база емес. Үндістан бұл соққылардың тек "белгілі лаңкестердің лагерлеріне" бағытталғанын алға тартады.
Пәкістан қорғаныс министрлігінің өкілі әскерилер Үндістанның бес жойғыш ұшағын атып түсіргенін айтты. Үндістан билігі бұл ақпаратты растамайды.
ВВС басылымының дереккөздерінің айтуынша, Кашмир аумағында Үндістан әуе күштерінің үш ұшағы құлаған. Алайда Үндістан үкіметі бұған қатысты мәлімдеме жасамады.
Еске салсақ, Пәкістан әскері Үндістан әуе күштерінің зымырандармен соққы жасағанын мәлімдеген еді.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"