Үндістандық миллиардер әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде Билл Гейтсті озып кетті
Үндістандық миллиардер Гаутам Адани әлемдегі ең бай төртінші адам болды. Осылайша ол Билл Гейтсті басып озып. Бұған Bloomberg агенттігі есептеген Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері дәлел бола алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Индекске сәйкес, Гаутам Аданидің байлығы 113 миллиард долларға бағаланады, бұл Microsoft негізін қалаушының байлығынан бір миллиард долларға асып түседі. Осылайша, миллиардер әлемдегі ең бай төртінші адам болды.
60 жастағы үнді көмір магнаты қазір миллиардерлер Джефф Безос, Бернард Арно және 253 миллиард доллар байлығымен әлемдегі ең бай адам ретінде тізімнің басында тұрған Илон Масктан кейін тұр.
Бұған дейін миллиардер және кәсіпкер Гаутам Адани Азияның ең бай адамы атанған болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"