Үндістандықты 8 секундта сұлатып салған Еркебұлан Тоқтардың кезекті қарсыласы анықталды
Octagon 63 турнирінде үндістандық қарсыласын 8 секундта сұлатып салған Еркебұлан Тоқтардың кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram.com/dalafighting/
Соңғы жекпе-жегінде үндістандық Кушал Вясты (11-17) 8 секундта сұлатып, ең жылдам жеңіс ретінде рекорд қойған Еркебұлан Тоқтардың Астанада өтетін Dala Fighting Championship турниріндегі қарсыласы анықталды. 2 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" сарайында өтетін турнирде Еркебұлан мысырлық Хайсам Эльсаидке қарсы жұдырықтасады. Эдьсаид – кикбоксингтен 5 дүркін Египет чемпионы және Африка чемпионатының жүлдегері болған спортшы.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, соның сегізінде жеңіске жетсе, үш рет ұтылып қалған еді.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
2025 жылы Қазақстан қандай танымал тұлғалардан айырылып қалды?
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына үлес қосқан жайсаң жандар дүниеден өтті

