Үндістанда төрт қолды, төрт аяқты сәби дүниеге келді
Үндістанның шығысында орналасқан Садар ауруханасында төрт қолды, төрт аяқты сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star-ға сілтеме жасап.
17 қаңтар күні жергілікті тұрғындар ауруханаға ағыла бастады. Оған себеп елді мекенде ерекше сәбидің туғаны туралы ақпарат тараған.
Сәбидің жынысы айтылмады. Жарияланған суретте оны түрлі түсті матаға орап, анасының тізесіне жатқызған.
Үндістер мұны Құдайдың сәбидің басына жазған тағдыры деп бағалайды. Десе де, дәрігерлер баланың ерекшелігін анасының жүктілік кезінде кездескен қиындықтарымен байланыстырады.
Бұған дейін Үндістанның Раджастан штатында бір әйел төрт аяқты, үш қолды сәбиді дүниеге әкелген. Ерекше қызбен бірге әйел дені сау ұл баланы босанған.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн