Үндістанда дәрігерлер бойжеткеннің ішінен 1,5 килограмм тартатын әшекейлерді алып шықты
Үндістандық дәрігерлер әйелге ота жасап, ішінен 1,5 килограмм мен тиындарды алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV басылымына сілтеме жасап.

26 жастағы науқас психикалық бұзылумен ауырады. Бойжеткен ерекше әдіс арқылы алқа, жүзік, сырға, білезік, сағат және 90 тиын жинаған. Дәрігерлердің сөзінше, әшекейлер мыс пен қоладан жасалған. Мамандар олардың ішінен алтын бұйымдарды да тауып алды.
Әшекейлердің жоғалғанын бірінші анасы байқаған. Оның айтуы бойынша, қызы тамақ ішкен сайын құсатын. Асқазаны ауырған ару екі ай көлемінде осылай қиналған. Дәрігерлер жазып берген дәрілер еш көмектеспеген. Мамандар толыққанды тексеру жұмыстарын жүргізгеннен кейін ғана 26 жастағы қыздың ішкі мүшелері неліктен ауыратыны белгілі болды.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін