Ер азамат өзін шағып алған әбжыланды тістеп өлтірді
Үндістандағы Одиша штатының тұрғыны өзін шаққан әбжыланнан кек алып, оны тістеп өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті Kalinga TV арнасының хабарлауынша, Салим Хан есімді азамат Дарада ауылының күріш алқабында жұмыс істеп жүргенде, оны улы әбжылан кенеттен шағып алған. Ол медициналық көмекке жүгінудің орнына бауырымен жорғалаушыны ұстап алып, есесін жібермес үшін оның өзін тістеген. Ал өлген жыланды мойнына іліп алған.
Мойнына оралған жыланмен ол көшеде жүріп, елді таңғалдырды. Қызығы, оқиғадан кейін үнді жігіт еш ауырмаған, тіпті өзін жақсы сезінетінін айтты.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін екі жасар қыз жыланды тістеп өлтіріп, өзі аман қалған еді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі