Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жер бетінен үшкөзді жылан табылды

Солтүстік Австралияда саябақтар мен жабайы табиғат қызметінің жергілікті аңшысы үшкөзді жылан тауып алды.

Барлық көзі көреді: Үшкөзді жылан табылды

Кейінірек Монти Пайтон деп аталған үшкөзді жылан Дарвин қаласынан 40 шақырым жолда табылды. Сарапшылардың пікірінше, рептилия кәрі жылан емес. Оның ұзындығы 40 сантиметрге жетеді. Ғалымдар пайымдауынша, үшінші көзі екі көзі секілді жақсы көреді. Ол эмбрионалдық мутация салдарынан пайда болған.

"Мен бұрын үш көзді жыланды көрген емеспін, бірақ зертханада бізде екібасты кобра питоны бар - бұл сиам егіздері секілді мутация салдарынан болатын құбылыстар", - дейді серпентолог Брайан Фрай.

Ақпан айында Үндістанда біркөзді ешкі туды. Циклопия деп аталатын мұндай өзгеріс 16 000 жануарлардың бірінде кездеседі. Көбінесе мутациямен туылғандар ұзақ өмір сүрмейді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр