Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алып кобра әлемде ең үлкен жылан болып саналатын питонды жұтып алған (видео)

Филиппин тұрғындары алып питонды жұтып алған кобраны өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғындар жыланды күріш алқабында кезіктіріпті. Оның аузынан толықтай жұтып үлгермеген жемтігінің құйрығы көрінген. Бауырымен жорғалаушының ұзындығы 3,6 метрді құраған. Адамдар жыланды таяқпен соғып өлтіріп, қарнын жарып көрген. Артынша кобра ұзындығы 3,3 метрге жететін питонды жалмағандығын анықтапты. 

"Бұл жерде жыландардың көптігі таңқаларлық жайт емес, десек те питонды жұтып алған кобраны алғаш рет кезіктіріп тұрмыз. Біздің ауылда кобраның шаққанынан өліп кеткен жағдайлар болған, сол себепті біздің көрші жыланды өлтіруге бел буған", - деді куәгерлердің бірі. 


Жыландар туралы қызықты 30 мәлімет


Кобраны өлтірген адамдардың айтуынша, бұл жылан филлипиндік кобралар қатарына жатады екен. Алайда олардың ұзынды 1,6 метрден аспаса керек. Дегенмен Филиппин аралдарында ұзындығы 5,7 метрге дейін жететін патшалық кобралар да мекендейді. Жыланның дәл осы түрлері басқа да бауырымен жорғалаушыларды қорек тұтатын көрінеді. 


 

Талқылау