Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үлкен сома емес": Данияр Елеусінов мектепте заңсыз жалақы алып отыр деген айыпқа қатысты пікір білдірді

Қазақстандық олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов елордалық №3 спорт мектебінде толық емес жұмыс уақытында істейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengri sport сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елеусінов

Бұған дейін атақты боксшы Астананың спорт мектептерінің бірінде тіркелгені белгілі болды. Олимпиада чемпионы бұл жағдайды түсіндірді.

Спорт саласының өкілі медальдар үшін ешқандай төлем алмайтынын түсіндірді. Айтуынша, оған 20 жыл еңбек өтілі қажет. Ол бұл мерзімнің қысқартылғанын қалайды.

“Он жылға қысқартылады дегенді естідім. Әзірге ештеңе дей алмаймын, алайда бұл жақсы болар еді", – деді Олимпиада чемпионы.

Елеусінов мектепке спорттық нұсқаушы ретінде жұмысқа орналасқанын айтады.

“Оқу орнының директоры Мұрат Мұстафин мені жасөспірім кезімде жарысқа апарған жаттықтырушылардың бірі. Мен жаттықтырудан бөлек кеңесші боламын, шеберлік сабақтарын көрсетемін деп келістік. АҚШ-тан келген кезде өз тәжірибеммен бөлісуге дайын болдым. Онда толық емес жұмыс уақытында істеуге келісімімді бердім”, – дейді ол.

Оның айтуынша, басқа жұмыстарға кіру үшін тәжірибе сұратады. Ал бокспен айналысатын адамға 20 жылдық тәжірибені жинақтау қиын.

“Мектепте берілетін ақы айтарлықтай үлкен сома емес, ол мені қамтамасыз етуге жетпейді де”, – деді спортшы.

Бұған дейін АҚШ-та тұратын Елеусінов қазақстандық спорт мектебінен жалақы алып отырғаны айтылды.

Талқылау