Үлкен метеорит жарылған видео желіде тарады
Норвегия астанасына жақын жердегі әуе көгінен астрономиялық дене байқалды. Оның қалдықтары орманға түсті деген болжам бар. Норвегияның үстінен ұшып бара жатқан алып метеорит ауада жарылып, айналадағы кеңістікке ерекше жарық шашты. Куәгерлер сирек болатын оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Норвегия астанасы Ослоға жақын орманды алқапта метеориттің қалдықтары жерге түсуі мүмкін еді”, – деп хабарлады Норвегия сейсмологиялық орталығы NORSAR.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда метеорит от шарына ұқсас елес беріп, түнгі аспанды жарықтандырып, секундына 15-20 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Адамдар сонымен қатар жарылыс дауысын естіген деп хабарлады Reuters.
Алайда зардап шеккендер мен қаза болғандар жайлы ақпарат әлі айтылған жоқ.
Мамандардың сөзінше, мұндай метеориттің сынықтарын іздеу кем дегенде он жылға созылуы мүмкін.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ