Үлкен аюдың адамдарды қуған сәті видеоға түсіп қалды
Ғаламторда үлкен аюдың адамдарды қуып бара жатқаны түсірілген видео тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеода бір топ ер адам қорадан аюды шақырмақ болғаны байқалады. Қолдарында таяқ пен арқан болған. Алайда, бір сәтте жабайы аң төбеге секіріп, оларды қуады. Оқиғаның қалай аяқталғаны белгісіз, видеоның жалғасы жоқ.
“Біреуін жеп қойған дейді", - делінген бейнероликте.
Желі қолданушылары оқиғаның қай жерде болғанын болжауға тырысуда. Бір дереккөз бойынша, Қырғызстанда, ал басқалары Қытай аумағында деп жазып жатыр. Қазақстандықтар да видеоның біздің елімізде түсірілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Аю қуған адамдар тірі ме, жоқ па, әлі белгісіз.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр