Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы айналма жолы бүгіннен бастап ақылы болады

21 шілдеден бастап Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"БАКАД Инвестиция және Операциясы" ЖШС мәлім еткендей, 2023 жылға арналған ҮАААЖ үшін төлемақы құны келесідей: Жеңіл автокөлік: Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес ұсынылатын тариф: 241,5 теңге, 0,07 АЕК

Ай сайынғы абоненттік төлем (2023 жылғы АЕК ескере отырып): 1 725 теңге, 0,5 АЕК

Жыл сайынғы абоненттік төлем (2023 жылғы АЕК ескере отырып): 17 250 теңге, 5 АЕК

Автобустар - 16 орынға дейін, жүк көліктері - 2,5 тоннаға дейін 276 теңге, 0,08 АЕК

Ай сайынғы абоненттік төлем (2023 жылғы АЕК ескере отырып): 2 070 теңге, 0,6 АЕК

Жыл сайынғы абоненттік төлем (2023 жылғы АЕК ескере отырып): 20 700 теңге, 6 АЕК

Автобустар - 32 орынға дейін, жүк көліктері - 5,5 тоннаға дейін 483 теңге, 0,14 АЕК

Ай сайынғы абоненттік төлем: 3 450 теңге, 1 АЕК

Жыл сайынғы абоненттік төлем: 34 500 теңге, 10 АЕК

Автобустар - 32 орыннан аса, жүк көліктері - 10 тоннаға дейін 552 теңге, 0,16 АЕК

Жүк көліктері - 10 тоннадан аса 690 теңге, 0,2 АЕК, ал 15 тоннадан асатын жүк көліктері үшін 759 теңге, 0,22 АЕК болып бекітілді. 

Сондай-ақ "БАКАД Инвестиция және Операциясы" ЖШС Қарасай, Іле және Талғар аудандарында тіркелген автокөлік иелері үшін абоненттік төлем қарастырылғанын хабарлады.

Талқылау