"Үлде мен бүлдеге орамай-ақ қой": Ақбота Керімбекова келінімен қарым-қатынасы туралы айтты
Келінімен қарым-қатынасы туралы сыр шерткен отандық әнші Ақбота Керімбекова қандай ене екенін айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/botakerim
“Кез келген адам өзінің өмірде жіберген қателігін, сүрінген кездерін балалары көрмесе екен деп ойлайды. Мен балаларыма шектеу қойған емеспін. Келіндеріме де шектеу қоймаймын. Барынша өмір сүрсін. Бізге керегі тек көңіл. Бәр шәйін беріп, “жақсысыз ба, қалыңыз қалай?” деп жағдайымызды сұрап қойса болғаны”, – дейді Ақбота Керімбекова.
Сондай-ақ өнер иесі болашақ келіндерге, қыз-келіншектерге өзінің әпкелік ақыл-кеңесін айтты.
“Жалпы келіндерге айтарым, үлкеннің қас-қабағына қарау – міндетіміз. Үлде мен бүлдеге орамай-ақ қой. Жай ғана ашуыңды көрсетпей, үлкен кісілердің алдында қара нан мен шайыңды жадырап-жайнап берсең, ата-енеге керегі сол”, – деп ойын аяқтады әнші.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”