Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлдана Мырзуанның өлімінен кейін ОСИ басшылары заңға өзгеріс енгізуді талап етуде

ОСИ басшылары өздерін кінәлі емес екенін
Фото: сюжет кадрларынан скрин

Астанада тұрғын үйдің қаптамасы құлап, адам қаза тапқаннан кейін мүлік иелерінің бірлестігі (ОСИ) төрайымы сот алдында жауап беріп жатыр. Осыған байланысты Алматы, Астана және Қарағанды қалаларындағы ОСИ басшылары петиция жасап, заңға өзгеріс енгізуді талап етуде. Айтуларынша, құрылыс кезіндегі қателіктер мен жасырын ақаулар үшін жауапкершілік үй басқарушыларына емес, құрылыс салушылар мен мердігерлерге жүктелуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Үй басқарушылары енді құрылысшылардың қателіктері үшін жауапкершілік өздеріне жүктелетініне наразы. Өткен жылдың қараша айында Астанада тұрғын үйдің қаптамасы құлап салдарынан жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды. Прокурорлардың пікірінше, мүлік иелерінің бірлестігі (ОСИ) төрайымы үйді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдауға міндетті болған.

"Мемлекет деңгейінде көппәтерлі тұрғын үйді қабылдау кезінде Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (ГАСК), Төтенше жағдайлар қызметі және басқа да тиісті органдар қатыспайды деген шешім қабылданған жоқ па? Сонда мұндай орасан зор жауапкершілікті жеке адамға қалай жүктеуге болады? Біз техникалық маман емеспіз ғой, қандай да бір ақауды көзбен қарап анықтай алатындай", – деді мүлік иелерінің бірлестігі (ОСИ) төрайымы Мира Досымбекова.

ОСИ төрағалары – өздері басқаратын үйлерде тұратын қарапайым тұрғындар. Алайда олардың айтуынша, заңға енгізілген әр өзгерістен кейін ОСИ басшыларына жүктелетін жауапкершілік те артып келеді. "16-Этажка" мүлік иелерінің бірлестігінің төрайымы Людмила Галюкевичтің айтуынша, ОСИ басшысы тұрғындардың жалпы жиналысында қабылданған шешімдерге тәуелді.

“Басқару нысанының да, басқару субъектісінің де бірде-бір басшысы ештеңені өз бетінше жасай алмайды. Біз бәріміз меншік иелері жиналысының шешіміне тәуелдіміз”, – деді ол. 

Мамандардың айтуынша, құрылыс салушыны жауапкершілікке тарту да оңай емес. Себебі төтенше жағдай болған кезде ақауға жауапты құрылыс компаниясы банкротқа ұшырап немесе жұмысын тоқтатып үлгеруі мүмкін. Ал құрылыс кезіндегі қателікті дәлелдеу үшін қымбат сараптама қажет.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Қарағанды облыстық құрылысшылар кеңесінің төрағасы Төлеген Әшімовтің айтуынша, егер тұрғын үйдің қаптамасын орнату кезінде құрылыс нормалары бұзылғаны немесе жұмыстың сапасыз орындалғаны анықталса, жауапкершілік құрылыс салушыға жүктелуі тиіс.

"Егер плиткаларды орнату кезінде құрылыс нормалары бұзылған болса, бұл құрылыс салушыға қатысты мәселе. Мысалы, ақау сапасыз жұмыстың салдарынан пайда болғаны анықталса, мүлік иелерінің бірлестігі құрылыс салушыны сотқа бере алады. Ал егер ақау әдейі жасырылғаны дәлелденсе, оны анықтау мен жауапкершілікке тартуға қатысты бөлек тәртіп қолданылады", – деді Әшімов.

Дегенмен мұндай ақауды дәлелдеу үшін сараптама жүргізу қажет. Ал оның құны қымбат. Сондықтан үй тұрғындарына қосымша шығын түседі. Мамандардың сөзінше, мұндай жағдайда қажетті қаражатты көбіне тұрғындардан жиналатын мақсатты жарна есебінен іздеуге тура келеді.

Заңгер Аркадий Рубцовтың айтуынша, ОСИ төрағаларына қатысты әкімшілік жауапкершілік те күшейіп келеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте оларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін баптардың саны артқан.

"ОСИ төрағасының ерекшелігі оған салынған әкімшілік айыппұл оның өз жалақысынан төленеді. Бұл үй басқару ісіндегі жауапкершілікті одан әрі арттырып отыр", – деді заңгер.

Осы мәселеге байланысты Алматы, Астана және Қарағанды қалаларындағы мүлік иелерінің бірлестігі төрағалары петиция әзірлеп, заңнамаға өзгеріс енгізуді талап етуде. Олар ОСИ төрағасы, тұрғындар, жобалаушы және мердігердің жауапкершілігін нақты ажыратуды сұрайды. Олардың басты талаптары құрылыс кезінде кеткен қателіктер мен кейін анықталған жасырын ақаулар үшін жауапкершілікті ОСИ төрағасына жүктемеу.

Еске салсақ, фельдшер Ұлдана Мырзуан 2025 жылдың қарашада Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза тапты. Ол тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге барған сәтте көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетіндегі кондиционер блогы құлап, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, 18 қарашада жас фельдшер ауруханада көз жұмды.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 28 Тамыз, 2026 09:35