Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинаға көмек: Қазақстандық кәсіпкерлерге қарағанда, Қазақстандағы шетелдік бизнесмендер қол ұшын созып жатыр

Қазақстандықтар Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 100 миллион теңгеден астам ақша жинады, деп хабарлады HAQ қозғалысының жетекшісі Тоғжан Қожалиева өзінің Facebook парақшасында, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

"Бізде осындай бастама болды. Украина елшілігі дәрі-дәрмек сұрап, бізге жүгінді. Бұл жұма күні кешкі уақыт болатын. Жұмаға қараған түні Досым Сәтбаев, Арман Шураев және басқалар бар, 15 адамнан тұратын бастамашыл топ Қазақстан халқына үндеу жасауды ұйғардық. Ресей мен Украина арасында болып жатқан оқиғаларға қатысты өз пікірімізді білдірдік. Қазіргі уақытта "Украина, біз сенімен біргеміз!" штабын құрдық, бес күн ішінде 100 миллион теңгеден астам қаржы жинадық. Бүгінгі күні тағы 8 млн теңге алдық", – деді Қожалиева бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар  ол жергілікті кәсіпкерлерге қарағанда Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік бизнесмендердің көмекке жауап беруге дайын екенін атап өтті.

"Бізге LS Pharma фармацевтикалық компаниясы хабарласты, оны Үндістан азаматы басқарады, ол 10 миллион теңге тұратын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Біз қазақстандық фармацевтикалық компанияларға гуманитарлық көмек көрсетсе немесе ең арзан бағада дәрі-дәрмек сатып алсақ деп өтініш жасадық, бірақ бас тартты. Қазақстан азаматы емес, қазақстандық емес бизнесмендер украин халқына адамгершілікпен қарады. Біз қазірдің өзінде үш жөнелтімді жібердік. Атырау кеденінде біраз кедергілер болды", — дейді Қожалиева.


"Бізге жасағанның барлығын өтейсіңдер": Зеленский Ресейге үндеу жолдады

Талқылау