Украинадағы жағдай сабақ болу керек: Олжас Сүлейменов Қазақстанда орыс тілінен бас тартуға болмайтынын айтты
Қазақ ақыны және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов 23 мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси реформаларды қолдайтынын айтты. Олжас Сүлейменов өз сөзінде тіл мәселесіне тоқталды.
Оның айтуынша, Қазақстан "Кеңес өкіметі орнаған ондаған жылдар ішінде қазақша да, орысша да еркін сөйлейтін көп тілді мемлекет ретінде дамыды.
“Алдағы уақытта орыс тілінің мәртебесі туралы мәселені көтеру керек шығар. Республикамызда екі мемлекеттік тіл орнықты, енді бірде-бір саясаткер халық бір тілді болуы керек деп айтпайды. Бұл екі тілдің біріне нұқсан келтірудің қажеті жоқ", - деді Сүлейменов.
"Біз қазір Украинада не болғанын көріп отырмыз, 2014 жылы ондағы қарапайым саясаткерлер жалғыз заңды тіл украин тілі, ал орыс тілі заңсыз деп жариялады. Нәтижесінде Украина өз мемлекеттігін жоғалтты. Бұл әр ұлтта болуы мүмкін. Біз бұл оғаш текетірестің тәжірибесін, тіпті қазіргі саясатымызда да, болашақта да ескеруіміз керек. Конституция бойынша Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ал орыс тілі – ресми тіл мәртебесіне ие”, – деді Сүлейменов.
- Қазақстанда орыс тілі ресми мәртебесінен айырылады деген ақпарат тарады: Депутат жауап берді
- "Жұрт “ң” әрпін дұрыс айта алмауымды сынайды": Қазақ тілін қазақтарға үйретіп жүрген орыс қызы өзіне жасалатын хейтинг жайлы айтты
2014 жылдың ақпанында Украина парламенті Виктор Янукович президенттік кезінде қабылданған заңның күшін жойды. Янукович украин тілін жалғыз мемлекеттік тіл деп белгіледі, бірақ сонымен бірге елдің шығысы мен оңтүстігіндегі аймақтарда орыс тілін ресми аймақтық тіл деп мойындады. Жаппай наразылықтар нәтижесінде Янукович биліктен шеттетілгеннен кейін депутаттар бұл заңның күшін жойды. Янукович 2014 жылы ақпанда "Еуромайдан" деп аталатын жаппай көше шерулері кезінде Киевтен қашып кеткен, содан кейін Украина парламенті оны биліктен кетірген.
Соңғы бірнеше аптада Қазақстандағы бірнеше бірлестік саяси партия ретінде тіркелу ниеті туралы мәлімдеді. Бұл топтардың мәлімдемелері 5 маусымда конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі референдум қарсаңында жарияланды.
Олжас Сүейменов дәл осы баспасөз мәслихатын өткізіп, жаңа партия құратынын мәлімдеді.