AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда орыс тілі ресми мәртебесінен айырылады деген ақпарат тарады: Депутат жауап берді

WhatsApp мессенджері арқылы "Қазақстанда орыс тілінің ресми статусын алып тастамақ" деген ақпарат тараған. Мәжіліс депутаты Қазбек Иса ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәжілісменнің айтуынша, депутаттар Конституциядан орыс тілін мемлекеттік тілмен қатар қолдану жөніндегі бапты алып тастау туралы ұсыныс тастамаған. Ол әлеуметтік желіде тараған ақпараттың контексттен үзіліп алынғанын мәлімдеді. 

"Бүгін интернет желілерінде мені Конституциядан орыс тілін алып тастауды ұсынды және оны 39 депутат қолдады деген ақпарат тарады. Негізі бұл сөздер менің сөздерім контексінен үзіп алынғанын хабарлаймын.

Осы өткен сәрсенбіде мен депутаттық сауал жасағанда қазақ тілі мемлекетттік тіл ретінде Конституцияда бекітілгенмен, бірақ осы уақытқа дейін Мемлекеттік тіл туралы арнайы заң жоқ! Өйткені, Конституцияда көрсетілген мемлекеттік статустың өмірде іске асуы  үшін арнайы заң қабылдануы керек еді. 



Сондықтан да мемлекеттік органдарға қазақ тілінде хабарласқандар сол мемлекеттік тілде жауап ала алмайтын жағдай жиі кездесуде. Өйткені, мемлекеттік қызметкерлердің көбісі  мемлекеттік тілді білмейді, тек орыс тілінде сөйлейді. Бұл жерде ұлты қазақ азаматтар тілдік дискриманцияға ұшырап келеді 30 жылдан бері.

Сондықтан мен 2012 жылы “Ақ жол” партиясының мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру жөнінде заң жобасын жасағанын, оны Үкімет тоқтатып тастағанын еске салдым",  –  деді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр