AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық істі тоқтатудан бас тартты

ҚР бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты басты сот отырысы 26 мамырда өтпек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.

"Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті айыптау бойынша қылмыстық іс материалдары қаралды. Осылайша сот айыптылар мен олардың қорғаушыларының ҚР ҚІЖК-де орын алған бұзушылықтарды жою үшін қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтініштерін қанағаттандыру, қылмыстық істі тоқтату және Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуден бас тартуды қаулы етеді", - деді Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов.

Басты сот отырысы 26 мамырда сағат 10:00-ға белгіленді.

"Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевтің айыптауына қатысты негізгі сот отырысы жалпы тәртіппен ашық түрде өтеді. Сотталушыларға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалады. Яғни қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды", - дейді ол.

Еске сала кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын. Биыл қаңтарда экс-министрдің үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр