Арнайы рейс ашылады: СІМ Украинадағы қазақстандықтарды Польша арқылы елге алып келмек
25 және 26 ақпанда Air Astana әуе компаниясы Қазақстан азаматтарына арналған арнайы рейс жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елшіліктің деректеріне сүйенсек, рейс Катовица қаласы арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін Қазақстан азаматтарына Украина-Польша шекарасында визасыз "жасыл дәліз" ұйымдастырылады.
Елшілікте қазақстандықтардан 25 ақпанда Львовқа келуін сұрады.
Қазақстан елшілігінің мекенжайы: Замкнена көшесі, 3/1, +38 (032) 210-36-70, +38 (067) 989-28-19.
Қосымша ақпарат үшін Air Astana өкілдеріне хабарласа аласыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 40 жастағы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі