Украинада 600-ден аса қазақстандық эвакуацияны күтіп отыр - СІМ
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2 наурызға 660 қазақстандықтан елге эвакуациялау туралы өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алысқа қатынайтын 50 жүргізушіден әзірге 19-ы шекарадан асып өткен. Қалғандарына қатысты жұмыстар жүргізілуде. Ведомство олардың қайда екенін анықтап, мемлекеттік органдармен келісіп, "жасыл дәліз" бойынша келісуде.
"Біздің елшіліктің қазіргі басты мақсаты – сол жақта қалып қойған отандастарымызға көмек көрсету. Елшілік есебінде 1600-ға жуық адам тұр", – деп атап өтті Нұрышев.
Ал Қазақстанның Украинадағы елшілігінде елшімен қосқанда 8 адам қалып отыр.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады