Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина жедел түрде НАТО-ға мүшелікке өтініш берді

Украина президенті Владимир Зеленский қазір елдің жедел түрде НАТО-ға қосылуға өтініш беріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап.

Зеленский Финляндия мен Швецияның одаққа тез қосылуына тоқталды. Алайда НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг альянсқа жаңа мүшелерді қабылдау барлық 30 одақтастың келісімімен жүзеге асатынын атап өтті. 

Украинаның НАТО-ға мүшелікке өтініш беру шешімі Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің 30 қыркүйектегі отырысынан кейін қабылданды.

"Де-факто, біз НАТО-ға жол тарттық. Іс жүзінде біз альянс стандарттарымен өзара үйлесімділікті қазірдің өзінде дәлелдедік. Олар Украина үшін ұрыс даласында және өзара іс-қимылымыздың барлық аспектілерінде шынайы", - деді Украина президенті.

"Біз бір-бірімізге сенеміз, бір-бірімізге көмектесеміз және бір-бірімізді қорғаймыз. Бұл Альянс Де-факто. Бүгін Украина де-юре жасауға өтініш беріп отыр. Бұл біздің бүкіл қоғамдастықты қорғаудағы маңыздылығымызға сәйкес келетін жеделдетілген түрдегі рәсімде.Біз бұл мүмкін екенін білеміз. Біз Финляндия мен Швецияның биылғы жылы одаққа мүшелік әрекет жоспарынсыз қосыла бастағанын көрдік”, - деді Зеленский.

Зеленский сондай-ақ Украинаның “Ресейге әрқашан тең, адал, лайықты және әділ шарттарда бірге өмір сүру” туралы келісімге келуді ұсынғанын айтты.

"Әрине, ресейлік президентпен бұл мүмкін емес. Ол абырой мен адалдықтың не екенін білмейді. Сондықтан біз Ресеймен диалогқа Ресейдің басқа президентімен келуге дайынбыз", - деді ол.

Украина басшысы өз мемлекетінің бүкіл аумағы жаудан азат етілетінін баса айтты.

НАТО Украинаны тез арада қабылдай ма?

НАТО-ға кіру процесі кез келген ел үшін жылдам емес. Елдің Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылуы үшін барлық мүше елдер бұл шешімді мақұлдауы керек. Бірақ альянсқа кіруге ұмтылатын елге қатаң талаптар қойылады. Мысалы, құқықтық, экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар. Әскери міндеттемелерді айтпағанда, НАТО-ға кіру шарттарының бірі – аймақтағы қауіпсіздікке үлес қосу мүмкіндігі мен ниеті.

НАТО-ның Бас хатшысы Столтенберг Украинаның НАТО-ға кіру мәселесін қарауды тездету мүмкін бе деген сауалға барлық елдердің мүшелікке өтініш беруге құқылы екенін айтып жауап берді. 

"Мүшелік туралы шешімді, әрине, барлық 30 одақтас ел қабылдауы керек және бұл шешімдерді біз консенсуспен ақылдасамыз. Қазіргі уақытта біз Украинаның жауыздықты жеңуіне көмектесу үшін тікелей қолдауға дайынбыз",- деп қосты хатшы.



АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Джейк Салливан да Украинаның НАТО-ға қатысу өтінішін "басқа уақытта" қарастырған дұрыс деп мәлімдеді.

Бұл процестің қаншалықты қиын екенін НАТО-ға кіруге шешім қабылдаған Финляндия мен Швецияның соңғы мысалы дәлелдейді. Олардың жағдайында айтарлықтай кедергілер болған жоқ. Алайда Түркия альянстың кеңеюіне қарсы болып, олар Швеция мен Финляндияға НАТО-ға қабылдауға келісім беру үшін бірқатар талаптар қойған. 

Екі ел де осы жылдың мамыр айында НАТО-ға мүшелікке өтініш бергенімен, Түркиямен келіспеушіліктерді маусым айының соңында ғана шеше алды. Елдер альянстың барлық мүшелері қосылу хаттамаларын ратификациялағаннан кейін ғана НАТО-ға мүше бола алады. 

Украина жағдайында күрделі келіспеушіліктерді болжауға болады. Әсіресе елдегі соғыс НАТО-ға кіруге кедергі болып табылады. Бірақ соғысты есепке алмасақ та, бұл оңай мәселе емес. АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд әлі де күрделі сыбайлас жемқорлық мәселелерімен бетпе-бет келген және экономикалық реформалар мен демократиялық тұрақтылықты қажет ететін Украинамен келісім жасау Финляндия мен Швеция келісімінен де қиынырақ болатынын мәлімдеді.

Киевтің НАТО-ға қосылу шешімі Украинаның Путиннің қоқан-лоққыларынан кейін де бәрібір дегенінен бас тартпайтынын көрсетеді.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр