Украина қарулы күшінің Севастопольге жасаған әуе соққысынан 100-ге жуық адам жараланып, үшеуі қаза тапты
23 маусым күні Украина қарулы күші Севастопольге шабуыл жасады. Өңір губернаторы Михаил Развожаев зардап шеккендердің саны 100-ге жеткенін және 3 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: РИА Новости
Қаза тапқандардың арасында бір бала бар.
“Жараланғандардың саны 100-ге жетті. 3 адам опат болды. Олардың арасында бір бала бар”, – деп жазды Михаил Развожаев өзінің Telegram-арнасында.
Оның айтуынша, қазір құтқару жұмыстарына барлық дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды.
Губернатор зардап шеккендер жатқан ауруханаға барды. Сондай-ақ Севастополь прокуроры Андрей Шевцов украин снарядтарының сынықтары түскен жерде болып қайтты.
Бұған дейін Владимир Путин Ресей әскерінің Украина жерінен кетпейтінін мәлімдеген еді.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды