Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК ұстап әкеткен бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі мәлімдеме жасады

Жақында ғана Алматыда арнайы операция жүргізу арқылы ұсталған танымал бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі Жәмила Айымбетова әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады.

Безымянный

Фото: Фейсбук

“2017 жылдың 12 маусымында оны ҰҚК бопсалау 194 бап бойынша айыптап алып кетті. Бұл бап аса ауыр қылмыс қатарына жатпайды. Дегенмен ұстау операциясына ҰҚК, ІІМ, Бас прокуратура, арнайы жасақ, ведомство аралық арнайы топ қатысып, барлығы біздің пәтерімізді, балаларының пәтерін, Астана мен Алматыдағы “Казстройстекло” зауыттарын тінтіді. Менің өтінішіме қарамастан маған туыстарым мен адвокаттарды кіргізбеді. Сондай-ақ тергеуші, Мұратханға көмек көрсеткенім үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытты. Мен одан әрі ол топтың әрекеттеріне ештеңе дей алмадым. Енді әрі қарайғы тексеріс әділетті, заңды түрде қаралып, заң талаптары сақталады деп үміттенемін”, – деп жазады ол Фейсбук желісіндегі парақшасында.

Айтуынша, осы жағдай кезінде оны КТК телеарнасы журналистерінің әрекеті қатты қынжылтыпты. Ұстау кезінде не операторлар, не журналистер болмаған. Бірақ, кешкі жаңалықтардан операция сәтінен видеолар пайдаланылғаны көрінеді.

“Сонымен қатар осы және басқа да БАҚ-тардың тілшілері менің күйеуіме тағылған айыптар туралы дұрыс емес ақпараттар тарата бастады. Айып менің күйеуімнің бұрынғы серіктесі Сергей Непропекиннің шағымы негізінде тағылып отыр. Олар 2003 жылы КазСтройСтекло компаниясын құрған болатын. Бірақ, бір жылдан соң күйеуім оның үлесін сатып алды. Олар кешегі күнге дейін бірге жұмыс істесіп келген. Бірақ, ол өз шағымында күйеуімнің оның үлесін қинап сатып алғанын айтыпты”, – деп жазады ол.

Жәмила Айымбетова журналистердің іске қатысы жоқ адамдардың есімін атап, оқиғаны мүлде басқа арнаға бұрып жібергеніне өкпелі.

“Мен күйеуімді 20 жылдан астам уақыттан бері білемін, және оның Сергей Непропекиннің үлесін 14 жыл бұрын күш қолданып сатып алмағанын растай аламын. БАҚ-та жарияланған қылмыстық топ құрды, жоғарғы шенді адамдармен байланысы бар, бұрын сотталған, саяси ұстанымына қатысты деген айыптаулардың барлығы өтірік екенін жариялаймын. Бұл оның ар-ожданы мен беделіне нұқсан келтіреді. Мұратхан Тоқмәди ешқашан Әбілязов немесе Дүтбаев немесе КТК пен “Караванда” аттары аталған адамдармен байланысқан емес. Мұратхан ол адамдармен ешқашан кездеспеген және ешқашан қызметтес болмаған. Және ешқашан тапсырыспен адам өлтіріп, ауыр қылмысқа бармаған”, – деп жазады әйелі.

Еске салсақ, күштік құрылым өкілдері дүйсенбі, 12 маусымда, Алматыдағы арнайы операция барысында Қазақстандағы ірі зауыт “ҚазШыныҚұрылыс” директоры Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. Кейін оның қызы да оқиғаның қалай болғанын баяндап берген болатын.

Осы ретте Жәмила Айымбетов өзінің журналист, қоғам қайраткері, екі баланың анасы екенін айтып өткен. Сондай-ақ, ол күйеуінің танымал бизнесмен, спортшы, қоғам қайраткері екенін айта келе, “Алтын Сапа” президенттік сыйлығының, “Құрмет” орденінің, көптеген мақтау қағаздары мен марапаттардың иегері екенін де тізбелеген.

Оқи отырыңыз:

Еден жуушы әйел маңдай терімен тапқан ақшасына Астанадан үш пәтер сатып алды

ЭКСПО-ны іске алғысыз етіп сынаған Джеймс Палмер өзінің Қазақстанға келгенін растады

ОҚО-да кәсіпкер имамға көлік сыйлады

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Талқылау