Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үкімет үнімді естіді": Баян Мақсатқызы жөнделіп жатқан көшелерді көрсетті

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Алматы көшелеріндегі жолдардың жөнделгенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Айта кетейік, продюсер туристер көп жүретін орталық көшелерде жарық жоқ екенін айтып шағымданған еді.

“Мен жұбайыммен қазір қаланың қақ ортасында серуендеп жүрміз. Бұл – Бөгенбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысы. Қандай қараңғы екенін көріп тұрсыздар ма?! Жай ғана “колхоз”. Ұмытылған, қараусыз қалған жер сияқты. Мына саябақтың салынып жатқанына да бір жарым жылдай уақыт болды. Мүлдем жарық жоқ. Тас қараңғы. Бұл жерде қала қонақтары, туристер көп жүреді. Осындай әдемі қалада тұрып, дәл мынадай сұрықсыз көшелерде жүретініміз өте өкінішті", – деген еді өнер иесі. 



Көп ұзамай орталық көшелердің жөнделіп жатқанын көрсетіп, жұмыс атқарылып жатқанын айтты. 

“Үкімет менің үнімді естіді. Маған қалада жиі серуендеу керек сияқты ғой. Тағы қай көшемен жүріп өтсем екен?", – деп жазды Баян Мақсатқызы. 

Еске салайық, өнер иесі қаладағы қирап жатқан субұрқақтарды да жөндеу керегін айтқан болатын. 

Талқылау