"Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек": Қазақстан президенті карантин туралы сөз қозғады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қалаларында карантинді сақтау және маскалар тағу қажеттігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті" - деп жазды Twitter-дегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет", - деп қосты президент.
Соңғы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 8531 адамды құрады, 4515 адам сауығып, 35 науқас көз жұмды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі