Үкімет мүшелерінің, әкімдер мен депутаттардың жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жарияланбақ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкімет пен депутаттар мен әкімдердің еңбекақыларының шығысы туралы мәселе өткен жылдың соңында белсенді талқыланды. Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан олардың жалақысын көтеруге 5 жыл мораторий жариялауға болады деп санаймын. Мен бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ сіздер де түсінесіздер деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілер жалақысын мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз", – деді Президент.
Айта кетсек, елдегі тәртіпсіздіктерден кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Мәжілістегі үш фракция да оның кандидатурасын мақұлдады.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”