Президент: "Үкімет карантинді сақтау шараларын күшейтуге міндетті"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке азаматтардың карантинді сақтау шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес", - деп жазды президент Twitter-де.
Сонымен қатар, ол коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары екенін атап өтті.
"Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр", - деді мемлекет басшысы.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды