Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уханьда қызмет етіп жүрген қазақ дәрігер науқастардың көңілін көтеру үшін "Қара жорға" билеп берді (видео)

Шыңжаң дәрігері, этникалық қазақ Бахаргүл Уханьдағы коронавируспен ауыратын науқастарға «Қара жорға» халық биін билеп, көңілін аулады.

Уханьдағы қытайлық дәрігерлер науқастарды қолдап би биледі. Бұл видео бүкіл әлемде таралды. Дәрігерлер науқастарды қолдап, концерт ұйымдастырып, түрлі халық билерін ойнады.

Дәрігердің бірі Шыңжаңнан шыққан Бахаргүл деген этникалық қазақ екені белгілі болды. Бұл видеода ол халық биі «Қара жорғаны» биледі.

Қытайдағы ең жақсы мамандардың қатарынан оны коронавируспен күресу үшін Уханьға жіберген.

Ухандағы коронавирусты емдеуге арналған уақытша ауруханалардың бірінің дәрігерлері науқастарды қолдауға шешім қабылдаған еді. Олар науқастарын қуанту үшін жаппай би биледі. Позитивті бейне әлеуметтік желілерде таралып, жағымды пікірлер жазылды.

Видеодан қорғаныс костюмдеріндегі бірнеше медициналық қызметкерлердің билеп жатқанын байқауға болады.Бетперде киен ондаған адам олармен бірге би билеп жүр.

Чэнь Сяоянь есімді медбикелердің бірі әріптесі екеуі ауруды жеңу үшін, өздерін жақсы сезінулері үшін ауыр атмосфераны бұзып, науқастардың назарын аударып, олардың көңіл-күйін көтергісі келгенін айтты.

Талқылау