UFC турнирінде жарқын жеңіске жеткен Шавкат Рахмоновты Алматыда халық ерекше құрметпен күтіп алды
Бүгін, 13 наурызда Алматыда қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қарсы алды. Спортшыны UFC-дегі кезекті жарқын жеңісімен құттықтауға туыстары мен жанкүйерлері келді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Күту залында Рахмоновты көпшілік ду қол шапалақпен қарсы алған. Спортшы өзімен кездесуге арнайы келген халыққа алғыс айтқан.
"Қолдауларыңыз үшін бәріңізге көп рахмет! Көңіл-күйім жақсы. Мені осындай салтанатпен қарсы алғандарыңызға өте қуаныштымын. Өз туған жеріме келгеніме қатты қуанып тұрмын. Отанымды сағынып қалыппын. Сонымен қатар, DAR командасына, жаттықтырушыларға және барлық қазақстандықтарға айрықша алғыс айтқым келеді", - деген спортшы.
Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC турнирінде өткізген жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтап, жеңіске жеткен.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

