Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-2018: «Алтын белгі» иегерлеріне жеңілдік жасала ма

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов «Алтын белгі» иегерлері жоғары оқу орындарына түсу кезінде артықшылықтарға ие бола ма деген сұраққа жауап берді.

ҰБТ-2018: «Алтын белгі» иегерлеріне жеңілдік жасала ма

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Соңғы жылдары бұл мәселе көп талқыланды. Бұған дейінгі білім туралы заңда «Алтын белгі» иегерлері артықшылыққа ие болуға құқылы болған. Бірақ өткен жылы ҰБТ пішімінде өзгеріс болғандықтан, «Алтын белгі» мектепте аттестаттау нәтижесі бойынша берілді. Себебі, басымдылық құқық бойынша мәселелерді қарау қажет болды. Енді «Алтын белгі» иегерлері, оқуға түсер кезде ғана теңдестірілген құқыққа ие болады», – деді Аймағамбетов.

Аймағамбетов сондай-ақ, биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермейтінін атап өтті.

«ҰБТ тапсырудың форматы 2017 жылы өзгертілді. Енді түлектер бітіру емтихандарын мектепте тасырса, содан кейін – университетке түсу үшін ҰБТ тапсырады. Тестілеу бес пән бойынша жүргізіледі. Олар таңдап алынған мамандыққа сәйкес үш міндетті және екі профильдік пәндер», – деді Аймағамбетов.

Қорытынды аттестация барлық мектептерде 1 мен 10 маусым аралығында өтеді. Ал ҰБТ 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы университеттерге гранттар бөлу кезінде шу шыққан болатын. Сондай-ақ «Алтын белгі» иегерлері ақысыз білім алу грантына ие бола алмай қалған.

Тағы оқыңыз: 

Қазақстанда орта мектепті бітіру қанша тұрады

ҰБТ-дан ең алғаш болып 140 ұпай жинаған түлекке Iphone сыйға тартылады

Дәрігерлер Атырауда терезеден құлап кеткен қыздың жағдайы туралы хабарлады

Қауіпті селфи: Қостанайлық жасөспірімдер тоғыз қабатты ғимараттың төбесіне шығып суретке түскен (видео)

Талқылау