Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Уайымдағанымды сөзбен жеткізе алмаймын": Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасы қажылықтан оралды

Отандық актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасының Меккеден оралғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актрисаның айтуынша қажылыққа кеткен жолаушыларға қатты алаңдаған.

“Бір айға созылатын сапарға жіберер алдында біраз уайымдадым. Ауа райы, жол, жаяу көп жүруге шыдай ма, денсаулықтары сыр бермей ме” деп уайымдағаным рас. Бірақ Алланың қалауымен ұлы сапардан аман-есен оралды. Әр мұсылман перзентінің жақсы арманы осы шығар?! Мен ұзақ армандаған едім. Оңай сапар болған жоқ. Жаңалықты өздеріңіз де көрген шығарсыздар?! Күннің ыстығына байланысты қаншама жолаушы жолда қаза тапты. Дәл сол күндері менің ата-анам сол жақта еді. Кейде байланыс болмай, хабарын біле алмай отырдық. Сол кездегі менің күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес”, – деп жазды актриса. 



Айта кетейік, Меккедегі қажылық кезінде аптап ыстықтан 703 қазақстандық медициналық көмекке жүгінген.

“15 маусымда Мұздалифада қан қысымы көтерілген қажыға жедел алғашқы көмек көрсетіліп, дәрігердің бақылауымен қонақүйге жөнелтілді. 16 маусымда Мина жазығында транзиторлық ишемиялық ұстама бойынша бір қажыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, стационарға жатқызылды. Жамаратта шайтанға тас лақтырып келе жатқан жолда қанты төмендеп, есінен танып жатқан әйел адамға тез арада көмек көрсетіліп, ол да стационарға жеткізілді”, – деген болатын қажылық миссиясындағы дәрігерлер тобының жетекшісі Ардақ Айтбайұлы.

Еске салайық, Сауд Арабиясының шенеуніктері биыл температураның +48°-қа жетуі мүмкін екенін ескерткен болатын. 

Талқылау