Меккеде үлкен қажылық кезінде алты адам аптап ыстықтан қаза тапты
Меккеде үлкен қажылық кезінде алты адам қатты ыстықтан қаза тапты. Сауд Арабиясының шенеуніктері биыл температураның +48°-қа жетуі мүмкін екенін ескерткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Қаза тапқандардың алтауы да Иордания азаматтары болып шықты. Иордания Сыртқы істер министрлігі Джиддадағы азаматтардың жерлеу рәсімін және денесін елге қайтаруды Сауд Арабиясы билігімен келісетінін жеткізді.
Оқиға 15 маусым күні Арафат тауының басында болған. Қаза тапқандардың бірінің жиені CNN-ге берген сұхбатында әпкесінің Арафат тауында көз жұмып, Сауд Арабиясында жерленгенін айтқан.
Сауд Арабиясының Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, биыл үлкен қажылыққа 1,8 миллионнан астам адам қатысқан.
Үлкен қажылық – әлемдегі ең үлкен діни жиындардың бірі. Ол жылына бір рет Рамазан айы аяқталғаннан кейін екі ай және 10 күн өткен соң, Зул-хижа айында жасалады.
Тәліптердің билік басына келгеніне 5 жыл: Ауғанстанда не өзгерді?
Талибан билігінің Ауғанстанды басып алғанына 5 жыл уақыт өтті, елде не өзгерді?
Қазақстандық қыз бір нанды бөлісіп жеген құрбысын аяусыз пышақтап өлтірген: Қанды қылмысқа не себеп болды
Баян Шалқарова Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы ОВ 156/21 әйелдер түрмесінде жазасын өтеп жатыр