"Уақытша жұмыс істеп, еліне қайтады": Көші-қон комитеті Қазақстанға келген ресейліктер туралы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің өкілі 2023 жылы Қазақстанға қанша ресейлік азамат көшіп келгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көші-қон мониторингі басқармасының басшысы Әлижан Мәди былтыр Ресейден Қазақстанға 31 мың азамат келгенін айтты.
“Олар Қазақстанда уақытша жұмыс жасап, өз еліне қайтады”,-деді басқарма басшысы.
Басқарма басшысы БАҚ өкілінің “Ресейден келгендердің қаншасы Қазақстан азаматтығын алды?” деген сауалына нақты ақпарат келтіре алмады. Айтуынша, бұл сұрақ тікелей сыртқы істер министрлігінің құзыретіне жатады.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық