ТЖМ қызметкерінің ұсталуы: Министрлік ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі ведомство қызметкерінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен ұсталғанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік бұл іс ерекше бақылауға алынғанын хабарлады.
"Биылғы 30 қарашаса экономикалық тергеу департаменті "заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды" (интернет-казино) деген күдікпен ТЖД қызметкерін ұстады. Оны 2 желтоқсанда босатты. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген ТЖМ баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Ер адам азаматтық қорғау жүйесінде 2002 жылдан бері жұмыс істейтіні белгілі.
"Сотқа дейінгі тергеу қорытындыларына байланысты оған қатысты теріс себептер бойынша жұмыстан босатуға дейінгі тәртіптік шаралар қабылданылады", - деп нақтылады министрлікте.
Бұған дейін қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бірнеше қалада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша Ақмола облысы ТЖД лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағаны хабарланды.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
