Тұрсынғали Алагөзовтің бизнесін күшпен тартып алған - Баян Мақсатқызы
Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің бизнесін әлдекімдер күшпен тартып алған. Бұл туралы оның жары Баян Мақсатқызы жария етті. Ол жақын арада өзіне және күйеуіне қысым көрсеткен адамдардың аты-жөнін жариялауға уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шындықты айтуға мүмкіндігім болмады. Себебі қоқан-лоққы мен қысым көрсетілді. Жақын арада күйеуімнің бизнесін қалай тартып алғаны жөнінде бар шындықты айтамын. Әділ тергеу жүреді деп үміттенемін", – деген Алагөзова елімізге танымал фамилия иелерін жариялайтынын айтты.
"Өз басшысын құрметтемейтін халық Құдайдың қаһарына ұшырайды": Қайрат Сатыбалды деген кім?
“Қазақстандықтар бұған таңғалады деп ойламаймын. Себебі мұндай жағдайға жүздеген кәсіпкерлер тап болған”, – деді Мақсатқызы.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге боспасалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты