Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатовтың Instagram-да қызын ақтаған жазбасындағы нөмір басқа біреудікі болып шықты

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың өзінің де, қызының да үстінен қылмыстық іс қозғалмаған. Танымал актер мән-жайды түсіндіру үшін Instagram парақшасына видео жариялаған. Алайда ол жердегі нөмір Нұрбек есімді жігіттікі емес, басқа біреудікі екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

13-маусымдағы дауға қатысты Әдемі Аманғали биыл ҰБТ-дан шеттетіліп отыр. Танымал актер мән-жайды түсіндіру үшін Instagram парақшасына видео жариялаған. Аудиода өзін Нұрбек деп таныстырған жігіт Әдемі Аманғалиға ҰБТ-дан жоғарғы балл әперіп, Қабатовтар отбасына тосынсый жасағысы келгенін айтады. Бірақ мұнда көрсетілген телефон Нұрбек есімді азаматтың емес, Қабатовтың қызын ҰБТ-ға дайындаған орталықтың директоры Бауыржан Жәдігеровтің нөмірі болып шықты. Тұрсынбекпен жақсы араласатынын айтқан ол, Нұрбектің орталықта жұмыс істемейтінін жеткізді.

“Тұрсынбек Қабатовтың қызы бізде көктемде білім алды. Басында ҰБТ-ға дайындалып, кейіннен шетелге түсетін болды. Шетелге түсетіндерді біз дайындамаймыз. Менің нөмірім шықты. Себебі Тұрсынбек Қабатов ол мұғалімді тауып беруді менен сұрады. Ол кісінің телефонын алмай қойған, сондықтан мен телефонымды сол жерде қосып, сол телефонмен сөйлесті ол жерде”, – дейді Жәдігеров. 



Алайда директордың бұл жауабына тәуелсіз журналист Гүлбану Әбенова сенбейді. Оның айтуынша, бұл былықтың артында Тұрсынбек Қабатовтың өзі тұр.

“Нұрбек Қанаев деген “140+1” деген білім беру орталығында жұмыс істеген. Ол анық көрініп тұр. Бұрыннан бері соның жарнамасында жүр. Қаншама шәкірттері, қаншама түлектер айтып жатыр жұмыс істеді деп. Математика пәнінен”, – дейді ол. 

Тұрсынбек Қабатов басқаратын Әзірбайжан Мәмбетов атындағы театрдың директор орынбасарының айтуынша, әзілкеш кезекті еңбек демалысына өтініш жазыпты.

“Біз таңертең де Тұрсынбек Қабатовтың жеке нөміріне хабарластық. Дәл қазір тағы да бір қоңырау шалып көрейік. Қоңырауға жауап бермейді. Қазір қылмыстық іс 22 жастағы ер азаматтың үстінен қозғалған. Ол Нұрбек Қанай ма, өзге адам ба әзірге белгісіз. Бір анығы осы апта сот болады, қылмысы дәлелденсе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – дейді тілші. 

Айта кетсек, бұған дейін заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтардың оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдірген болатын. 

 

Талқылау