Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов: Халық лотереяға қатысып, әншілерді оңай ақша табуға үйреткен өздері

Әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов қазіргі таңда қызу талқыланып жатқан лотерея жайында сөз қозғады. Оның айтуынша, халықтың өзі арзан дүниеге қызығып, ақша табуды көздейді.

Бұл туралы Тұрсынбек Қабатов желідені парақшасында тікелей эфирде айтты.

"Лотерея деп жыр қылатындарды түсінбеймін. Неге ойнайсыздар? Неге қатысасыздар? Сіздерді күштеп ойнатты ма? Өз еркілеріңзбен ойнап жүрсіздер ғой. Оның лохотрон екенін білмейсіздер ме? Сіздерге қатыспасаң, концертке кірмейсің деді ме? Әлде басшыларыңыз қатыспасаңдар, жұмыстан шығасың деп күштеті ме? Бәрі өз еріктеріңізбен жасалып жатыр ғой. Сол он мың теңгеге тамақ әкеліп, отбасыңызбен тамақтанып отырмайсыздар ма? Артық болып бара жатса, садақаға беріңіз, қайырымдылық қорына аударыңыз сол кезде лотореядан да көп ақша ұтасыз. 5 мың берсеңіз, 5 миллион болып қайтады. Лотерея деген осы", - деп ренжіді Қабатов. 

Актердың айтпағы, халық лотерея, ұтыс, науқан деген арзан ойындарға жоламасын. Арзан ақша табуды көздемесін. Сол кезде әншілер де, басқалар ұтыс ойнатуды доғарады. 

"Өздеріңіз қатысасыздар, сосын нәтиже болмаған соң ақшамнан айырылдым деп шығасыздар. Одан кейін шегіртке десе, шегіртке деп, кім не айтса, соның соңынан ересіздер. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді", - деді ол.

Тікелей эфирде отырған желі қолданушылары Тұрсынбектің сөзін қостап, пікір жазды.  

"Дұрыс айтасыз, халықтың өзі кінәлі", "Халық әншілерге сену керек екен деп ойлайды. Сосын айтқанына сенеді. Қара халықтың әрқайсысына түсіндіру мүмкін емес", "Енді лото ойнататындар азаяр", "Дұрыс айттыңыз, ешкім ойнамаса, әншілер де доғарады", деді олар. 

 

Талқылау