Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрмыстағы әйелмен байланыста болған": Сарыағаштағы кәсіпкердің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

Сарыағаш қаласының 27 жастағы кәсіпкері Әуезхан Баймырзаевты ұрып-соғу ісінде жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

сарыағаш

Кәсіпкерді осы жазда тұрмыстағы танысымен жақын қарым-қатынаста болғаны үшін өлімші етіп сабаған. Бұл қылмысқа күдікті ретінде әйелдің күйеуі мен ағасы ұсталды. Олар сотқа тартылды. Күдіктілер денсаулыққа ауыр зиян келтірді деп айыпталуда.

Алайда марқұмның туыстары істі "Адам өлтіру" дәрежесіне қайта сәйкестендіруді талап етеді. Олар сотталушылар орындығында екі емес, алты адам болуы керек деп санайды.

"Біз тергеудің біржақты болғандығы туралы даусыз фактілерді ұсындық. Бізде полиция мен прокуратура бірлесіп қылмыстық істі тергеу барысын ойдан шығаруға тырысып жатыр деген түсінік пайда болды. Марқұмды бірнеше адам өлтіру ниетімен ұрып-соққаны туралы бізде дәлелдер, куәгерлердің айғақтары бар", - деп мәлім етті марқұмның ағасының сенімді өкілі Құрманғазы Мүсір.

Телеарна мәліметінше, журналистерді белгісіз себептермен іс бойынша ашық процеске жібермеген. Алайда, жәбірленуші тарап ұсынған дәлелдерге байланысты судья істі қосымша тергеуге қайтарды.

Еске салайық, қаза болған кәсіпкердің ағасы әу бастан-ақ объективті емес тергеу туралы мәлімдеген. Ер адамды арбадағы ағасының көзінше ұрғанымен, оның айғақтары ескерілмеген. Сондай-ақ, туысының өтініші бойынша қылмыстық іс материалдарына қаза болған адамның пышақ жарақаттары туралы мәліметтер кірмеген. 

Інісінен қапияда айырылып қалған Болат Баймырзаев әділдік іздеп, президенттен араша сұрады.

"Құрметті, Қасым-Жомарт Тоқаев! Сізге бүкіл халық болып сенеміз. Осы қылмыстық істі өз бақылауыңызға алсаңыз деймін. Қылмыскерлердің таныс-тамырмен қылмысын жасыруға жол берілмесе екен", - дейді Болат Баймырзаев. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр