"Тұрмыста емеспін": Қайрат пен Жұлдыздың видеосы қызу талқыға түсті
Жеке өмірі жұрт назарынан қалмайтын Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да сөзге ілікті. Бұл жолы көпшілік жұлдызды жұптың ажырасып, қайта қосылғанын болжады. Себебі Жұлдыздың өзі "әлі тұрмыста еместігін" мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен әлі тұрмыста емеспін ғой", - деп жауап берді. Сондай-ақ, ол Instagram оқырмандарынан:
"Екінші рет "иә" дейін бе, "жоқ" дейін бе?" - деп кеңес сұрады.
Әбдікәрімованың бұл әрекетін көпшілік сынға алды. Жеке өміріне қатысты әр деректі жария етіп алып, кейін халықты кінәлап шығатын актрисаға көпшілік "отбасылық сырларды сыртқа шығармауға" кеңес берді.
"Тым ақылды болса, үй ішінің проблемасын үй ішінде шешпей ме? Осылай желіге жүктеуге бола ма?", "Отбасындағы әңгімелер төрт қабырғадан шықпауы керек", "Бұлардың интригалары бітпейді екен, кейін адамдарға "өсек айтасыңдар" деп ренжиді", - деп жазды оқырмандар.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр