AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас отбасы туралы қауесеттерге нүкте қойды

Әнші Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Әбдікәрімовамен ажырасқаны туралы қауесетке нүкте қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол әйелімен бірге екенін мәлімдеді. Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-да Қайрат Нұртаспен бірге жүрген видеоларын жариялады.

Бұған дейін Черногорияда (Еуропаның оңтүстік-шығысындағы ел) түсірілім жүргізген актриса Будва қаласынан видео жариялады. Оның сөзінен түсірілім аяқталғанын және ертең Қазақстанға оралатынын түсінуге болады. Сол кезде актриса жергілікті пейзажға сүйсіне қарап тұрған Қайрат Нұртасты көрсетеді. 

“Қайрат, Будваға қош келдіңіз! Көргеніме өте қуаныштымын. Жиі келіп тұрыңыз, мен енді осында тұрамын”, — дейді Жұлдыз кадр сыртында.

Өз кезегінде Қайрат Нұртас Жұлдыздың жай ғана қалжыңдап тұрғанын айтты. Сөзінше, әйелі Будвада тұрмайды. Ерлі-зайыптылар бірге Қазақстанға қайтпақ. 

“Олай, көп ойнай берме. Біз біргеміз. Жаным, мен сені сүйемін”, – дейді әнші камераға. 



Жұлдыздың айтуынша, Қайрат Нұртас оны үйіне, балаларына алып кетуге келген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр