Тұрмысы төмен азаматтар АҚШ-қа кіргізілмейді: Америкалық грин-картқа байланысты заң өзгертілді
Бүгіннен бастап АҚШ билігі мемлекетте тұрғылықты тұру үшін берілетін грин-картқа байланысты жаңа заң негізінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақ үй мәлімдепті.
Жаңа заңда мемлекеттік жәрдемақы сұрайтындар үшін қиындамақ.
"Ішкі істер қауіпсіздігі министрлігі дүйсенбіден бастап жаңа заңды іске асырады. Осы заңнамаға сәйкес, АҚШ қоғамының жаңа мүшелері болғысы келген азаматтардың қаржы жағынан қиындықтары болмауы шарт", - делінген хабарламада.
Бұған дейін өткен жылдың қазан айында АҚШ федералды соты табысы төмен азаматтарды елге кіргізбеу керек деген өтінішті қанағатандырмаған еді. АҚШ үкіметі кедей азаматтар елдің салық жүйесіне ауыртпалығын тигізуі мүмкін деген тоқтамға келіпті. Десек те соттың жоғарғы инстанциясы бірінші үкімді негізсіз деп тауыпты.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған